From Wikipedia, the free encyclopedia
Іле ботаникалық бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. ҚР Ғылым және білім мин-нің Ботаника және фитоинтродукция ин-ты қарамағында. 1946 ж. Оңт. Балқаш маңындағы шөл және жартылай шөл аймақтарын а. ш-на пайдалану мақсатында Үшжарма шатқалында (Бақанас а-нан 45 км жерде) ашылды. Оның ашылуына акад. Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысымен “Іле кешенді базасының” құрылуы себеп болды. Бақ Іле өз-нің оң жақ жағалауында, Балқаш ауданының орт. Бақанас кентінен 2 км жерде орналасқан. Жер көлемі 91 га, оның ішінде табиғи өсімдік жабыны 70,4 га, ол 35 түрлі өсімдік қорынан тұрады. Бұл аймақтың климаты тым континенттік. Жаздың ыстық айларында ауа темп-расы 44С-қа, ал топырақ беті 70С-қа дейін қызады, ауаның ылғалд. 30 – 45% шамасында, қысы қысқа, қары аз, суық. Жауын-шашынның орт. жылдық мөлш. 130 мм, оның басым бөлігі күзде түседі. Топырақ жамылғысы әркелкі, негізінен ашық сұр топырақ басым. І. б. б-нда осы аймақтың табиғат, климат жағдайына төзімді табиғи және мәдени өсімдіктердің түрлерін жерсіндіру, оларды көбейту ғыл. жұмыстары жүргізіледі. Бақ құрылғаннан бері тағамдық, дәрілік, сәндік, т.б. өсімдіктердің 2 мыңнан астам түрлері сұрыпталды, олардың жаңа формалары өсіріліп, сынақтан өтті. Ағаш-бұта өсімдіктерінің 140 түрі мен формалары, жеміс-жидектердің 90 түрі мен сұрыптары, қылқан жапырақтылардың 24 түрі, сәндік, гүлді өсімдіктердің 230 түрі мен формалары іріктеліп алынып, бақта өсіп тұр. Астық, бұршақ тұқымдас, мәдени және табиғи шөптесін, малазықтық өсімдіктердің 120 түрі мен сұрыптары жан-жақты зерттеліп, бау-бақшалық өсімдіктердің жаңа 31 сорты (Слава капустасы, Бизон және Эрлиан томаттары, Возниковский қияры, Шантанэ сәбізі, Куба Король қарбызы, Бухарка қауыны, т.б.) шығарылып, аймақтағы тәлімді, суармалы, саз, сортаң топырақты жерлерге шаруашылық мақсатта енгізілді. Қазір І. б. б-ның жалпы коллекц. қоры 495 таксонды құрайды. Бақтың өндірістік тәлімбағында (питомнигінде) тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін алманың, алмұрттың, туяның, қарағайдың, хеномелестің, раушангүлдің, т.б. көшеттері өсіріледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.